|
Қытайда шыныдан жасалған ең үлкен көпірдің құрылысы аяқталуға жақын
|
Қытайда ең үлкен шыны көпірдің құрылысы аяқталуға жақын. Ол елдің орталығындағы тау тізбегінің екі шыңын қосып отырған ең ұзын және ең биік көпірлердің бірі болмақ.
Нысан аспалы көпірдің арнайы технологиясымен салынып жатыр, бүкіл құрылымы ұзындығы үш жүз метрлік болат арқандардан тұрады. Сарапшылар екі жүз метр биіктікке ілінген көпірдің 800 адамның салмағына шыдас беретінін атап өтеді.
Жобаның инженерлері көпірдің толық қауіпсіз болатынын айтып отыр. Әрқайсысының салмағы 22 келіге жуық болатын барлық шыны панельдер стандартты шыныға қарағанда 25 есе көп салмаққа төзе алады.
Жұмыстарды атқарып отырған корпорация қазан айында көпірден бірінші келушілердің серуендей алатынына сендіруде.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр