|
Қытайда ұшқышсыз басқарылатын аэротакси алғаш рет қалааралық рейс жасады
|
Қытайда алғаш рет AutoFlight ұшқышсыз басқарылатын ұшағы екі қала арасына жолаушы тасымалдап көрді. Бұл туралы kaz.inform.kz ақпарат көзі 3dnews.ru сайтына сілтеме жасай отырып жазды.
AutoFlight компаниясының ұшағы жолаушыларды арақашықтығы 50 км болатын Шэньчжэннен Чжухай қаласына небәрі 20 минутта жеткізді. Ал, егер дәл осы бағыттағы сапарды автокөлікпен еңсеретін болса 2-3 сағат уақыт кетеді екен.
Аэротакси төрт жолаушыны 250 км қашықтыққа дейін жеткізуге қауқарлы. Ұшу жылдамдығы сағатына 200 км болуы мүмкін. Енді AutoFlight компаниясы ақылы негізде қызмет көрсету үшін ұшуға рұқсат алуды жоспарлап отыр. Егер жоспары жүзеге асса, жылына Шэньчжэннен 300 мың рейс орындамақшы.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр