Қытайда ұшқышсыз басқарылатын аэротакси алғаш рет қалааралық рейс жасады
|

Қытайда алғаш рет AutoFlight ұшқышсыз басқарылатын ұшағы екі қала арасына жолаушы тасымалдап көрді. Бұл туралы kaz.inform.kz ақпарат көзі 3dnews.ru сайтына сілтеме жасай отырып жазды.
AutoFlight компаниясының ұшағы жолаушыларды арақашықтығы 50 км болатын Шэньчжэннен Чжухай қаласына небәрі 20 минутта жеткізді. Ал, егер дәл осы бағыттағы сапарды автокөлікпен еңсеретін болса 2-3 сағат уақыт кетеді екен.
Аэротакси төрт жолаушыны 250 км қашықтыққа дейін жеткізуге қауқарлы. Ұшу жылдамдығы сағатына 200 км болуы мүмкін. Енді AutoFlight компаниясы ақылы негізде қызмет көрсету үшін ұшуға рұқсат алуды жоспарлап отыр. Егер жоспары жүзеге асса, жылына Шэньчжэннен 300 мың рейс орындамақшы.
Мұрағат
Көп оқылғандар

■
Мұсылмандар мен христиандардың арасалмағы теңесіп қалды

■
«Зираттағы бос орынды брондау»: Алматыда жерлеудің электрондық базасы әзірленеді

■
2035 жылға қарай әлемдегі жаңартылатын энергия көздерінің орнатылған қондырғылар қуаты 11,2 ТВт-қа жетеді

■
Ұлыбританияда ақ адамдар азшылыққа айналып барады

■
Су тапшылығы ширек ғасырдан соң жаһандық азық-түлік тапшылығына ұласады