Қытайдағы христиандар саны аз жылда христиан елдеріндегілерден асады
Қытайдағы христиандар саны аз жылда христиан елдеріндегілерден асады
2 сағат бұрын 31 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

2030 жылға таман Қытай аумағындағы христиандар қарасы мемлекет тарапынан дінге түрлі жолмен тосқауыл қойылса да әлемнің өзге христиан елдеріндегі христиандар санынан асатын болады. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таяудағы статистикалық дерекке байланысты Фенган Йан есімді әлеуметтанушы пікірін білдіре келе 1,4 млрд тұрғыны бар Қытайда бүгінгі күні протестанттар саны 58 млн адамға жеткенін мәлімдеді. Болжам бойынша 2030 жылға қарай католиктерді қоса алғанда елдегі христиандар қарасы 247 млн адамға жетіп, Америка құрама штаттарындағы, Бразилиядағы, Мексикадағы христиандар санынан асып түседі. Қытай коммунистік әрі капиталистік идеология үстемдік құрған зайырлы қоғам, дінге шектеу қойылғанына қарамастан астыртын діни ұйымдар қызметі тоқтаған емес.

0 пікір
Мұрағат