Қытайдан ең көп қарыз алған ел белгілі болды
Қытайдан ең көп қарыз алған ел белгілі болды
16 күн бұрын 216 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ширек ғасырда Қытайдың қаржы ұйымдары Америка құрама штаттарына 200 млрд доллардан аса қарыз берген. Мұндай қарыз мөлшері Қытайдың әлемнің өзге елдеріне берген қарызынан бірнеше есе көп. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде AidData зертханасының осы бағытта арнайы жүргізген зерттеу нәтижесіне жөн сілтеген The Washington Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлбетте, Қытайдың да өз есебі бар; ең алдымен батыстың маңызды технологиясына бақылау орнатқысы келеді. Бақылау орнату арқылы өз мүддесін жүзеге асыруды көздейді. 2000-2023 жылдар аралығында Қытайдың қаржы институттары АҚШ-тың барлық дерлік штатында газ құбырын тартудан бастап әуежай терминалдарын салуға дейінгі 2500 жобаға қолдау көрсеткен. 2000 жылдан бастап Қытай халық республикасы бүкіл әлем бойынша кредиттер мен гранттар түрінде 2,2 триллион доллар шығарған екен, бұл көрсеткіш АҚШ-тың осындай шығыстарынан екі есе асып түседі. Бұл қарыздардың едәуір бөлігі АҚШ-ты қоса алғанда, дамыған мемлекеттердегі аса маңызды инфрақұрылымға және жоғары технологиялық активтерге бағытталған.

0 пікір
Мұрағат