Қытайдың қызметкерлері жұмыс берушілер тарапынан“сатқындыққа” тап болуда
Қытайдың қызметкерлері жұмыс берушілер тарапынан“сатқындыққа” тап болуда
2 сағат бұрын 56 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бәріне кінәлі – жасанды зерде... Қытайда жұмыстан қуылған немесе шеттетілген қызметкерлерді цифрлы сыңарымен алмастырып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Zhihu сайтына жөн сілтеген Frankmedia ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қызметкерлер Colleague Skill ЖИ агентінің көмегімен ауыстырылады. Аталмыш жүйе іскерлік хат алмасу, хабарламалардың скриншоттары, яғни, көшірмелері, жұмыс жобалары және нақты адамның құжаттамасы негізінде оқытылады. Пайда болған адамның АІ-сыңары, тіпті, қарым-қатынас стилін де көшіре алады. Қызметкерлерді жұмыстан босатпастан бұрын қалай жұмыс істейтінін, қалай шешім қабылдайтынын сұрап алған. Ол ол ма, қызметкерлерге жұмысынн егжей-тегжейлі сипаттап беруді талап еткен. Содан соң... оларды жұмыстан қуып, барлық міндетті жасанды зердеге, дәлірегі, АІ көмекшілеріне жүктеген. Қытайдың осындай технология құрбаанына айналған қызметкерлері мұндай әрекетті опасыздыққа балап, наразылық білдіруде. Bloomberg агенттігінің мәліметінше, жасанды зерде енгізілгеннен америкалық технологиялық компаниялар да қызметкерлерін белсенді түрде қысқартуда. Наурызда технологиялық сектормен байланысты жұмыс берушілер 18 720 жұмыс орнын қысқартты, бұл көрсеткіш 2025 жылғы наурызға қарағанда 24 пайызға артық. Жыл басынан бері бұл саладағы қысқартулардың жалпы саны 52 мыңнан асқан.

0 пікір
Мұрағат