Қытайдың Шыңжан аумағынан уран табылды
Қытайдың Шыңжан аумағынан уран табылды
4 ай бұрын 648 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайдың атом энергетикасы жөніндегі басқармасы (CAEA) Шыңжан өлкесінде ағатын Тарым өзенінен құм түріндегі уран кенішін тапқандарын жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы atomic-energy ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш басқарма жер қыртысының минералдану деңгейі 182 метр тереңдіктен анықталғанын нақтылады. Бұл – әлемдік рекорд. Бұған қоса, спутниктік зондтау, ғарыштан таспаға тарту, терең барлау секілді іздеу компоненттерін қамтитын тәсілдірмен шөл даладан уран кенішін іздеудің интеграцияланған жүйесі құрылғаны айтылған хабарламада. Аталмыш басқарманың басшылығымен және қолдауымен CNNC корпорациясына қарасты Бейжің уран геологиясы ғылыми-зерттеу институты CNNC корпорациясының құрамына кіретін № 216 геологиялық топпен бірлесіп, Тарым өзенінің бассейнінде уран кен орындарын іздеу және зерттеу жөніндегі ғылыми-зерттеу тобын құрды.

0 пікір
Мұрағат