Қытайландыру науқаны тағы бір заңмен толықты
Қытайландыру науқаны тағы бір заңмен толықты
1 сағат бұрын 36 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бүкіл қытайлық халық конгресі басқаша «этникалық бірлік» деп аталатын, Қытай аумағындағы азшылықты құрайтын ұлттардың ұлт бірегейлігінен айыруға бағытталған заңды қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы немістердің Deutsche Welle мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түбі «шикі» аталмыш заң бойынша мандарин тілі білім беру мен қоғамдық істерде ресми тіл ретінде қолданылады. Мандарин тілі – Қытайдың солтүстік және батыс өңірлерінің басым бөлігінде қарым-қатынастың негізгі тілі. Тайуан мен Сингапурда, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша қытай диаспорасы арасында кеңінен қолданылады. Терминнің шығу тегіне келсек, «мандарин» атауы португал тіліндегі «mandarim» сөзінен шыққан, яғни, «шенеунік». Бұл мандарин тілін империялық Қытайда шенеуніктер қолданғандығымен байланысты. Алайда, құқық қорғаушылар бұл заңның азшылықты құрайтын ұлттар теңдігін көздемейтінін, керісінше ұлттық бірегейлігіне нұқсан келтіретінін алға тартып отыр. Бұл заң, сонымен бірге, Қытай аумағынан тыс жерде де қолданылады: этникалық бірлікті бұзатындарға, этникалық сепаратизмге ол бергендерге жауапкершілік қарастырады. Қытай аумағында азшылықты құрайтын 55 ұлт пен ұлыс бар. Бұдан бөлек, жүздеген тіл кездеседі. Қытайландыру саясаты аясында хансуларға аз ұлттарды ассимиляциялау науқанынан елдегі барлық ұлт зардап шегіп отыр. Әсіресе, ұйғыр, монғол, тибет халқы. Тибет пен Ішкі Моңғолияда мандарин тілі қазірдің өзінде міндетті тілге айналған. Халықаралық аса ірі Human Rights Watch құқық қорғау ұйымының Азия бөлімшесі бұл заңды қатаі сынға алып отыр.

0 пікір
Мұрағат