|
Қытайлық дамудың жантүршігерлік құны (фото)
|
World Press Photo биылғы жылдың ең әсерлі фотосы деп қытайлық фотограф Lu Guang-ның «Дамумен қатар келген қоршаған ортаның ластануы» атты туындыларын таныды.
Фотодан қаңыраған Холин-Гол көрінісін байқай аласыз. Холин-Гол — Қытайдағы Тунляо өңірінің қалалық үйезі. Көмір шахтасынан шыққан түтін қоршаған ортаны айтарлықтай ластаған. Жергілікті билік көріністі аз да болса жақсарту үшін жайылып жүрген қойлардың мүсіндерін орнатқан. Дегенмен олардың бұл әрекеті көріністі одан бетер аянышты етіп қойғандай.
«Қытайда әрбір 30 секундта мүгедек нәресте дүниеге келеді. Соңғы 10 жылда зауыттар елдің шығысынан орталық және батыс бөліктеріне көшірілді. Бұл ластанудың кеңістігін кеңейте түсті. Көптеген кішігірім өндіріс орындарын билік жауып тастағанымен, кейбіреулері заңсыз жұмысын тоқтатпауда…» — деп жазады фотолардың авторы.

























