|
Қытайлық суретші қою түтіннен кірпіш жасау үшін 100 күндей Бейжің ауасын шаңсорғышпен жиған (ФОТО)
|
Өзін Ореховый Брат деп атайтын суретші 1981 жылы Хубэй провинциясында туған. Ол кірпіш жасау үшін Бейжің аспанын тұмшалаған қой түтінді, яғни тозаң қоспасын шілде айынан қарашаға дейін жинаған, деп жазды Shanghaiist.
Ореховый Брат өз жұмысында пайдаланған өнеркәсіптік шаңсорғыш қуаттылығы 1000 Вт. Ол бір күнде 62 адам жұтатын ауаны сора алады. Төрт жарым айда жиналған фильтрлендірілген бөлшектер бір кірпіш жасауға жетіп артылды. Ореховый Брат енді кірпішті дайындау үшін құрылыс материалдары зауытының көмегіне жүгінді, деп нақтылады басылым.
ECNS фоторепортажында көрсетілгендей, Ореховый Брат шаңсорғышты Бейжің көшелерінде кішкентай арбамен тасыған. Шаңнан жасалған кірпіш сары-қызыл түсті болды.





Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр