|
Рамазанда сауда-саттық жіті қадағаланады
|
Қасиетті айдың қарсаңында Сауд Арабиясының сауда және инвестиция министрлігі тұтынушылардың құқығын қорғау науқанын бастады: аталмыш министрлік өкілдері Рамазан айында саудагерлердің тұтынушыларды алдамауын, жарнамалардың шынайылығын қадағалайтын болады. Нақтырақ айтқанда, министрліктің инспекторлары саудаға шығарылған тауарлардың мерзімі өтіп кетпеуін де тексеріп тұратын болады. Әсіресе, бағаның негізсіз өсуіне жол бермейді. Ал алданып қалған тұтынушылар үшін арыз-талабын айта алатын арнайы колл-орталық жұмыс істейтін болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Paidax Қазақстандағы алғашқы исламдық долларлық жинақ шотын іске қосты
■
Ауа температурасы Целсия бойынша 38 градустан асқанда жұмысты бірден тоқтату туралы шешім қабылдануы мүмкін
■
18 жастағы бойжеткен ауызсуды микропластиктен 95%-дан аса тазартатын әдісті ойлап тапты (видео)
■
Жарақатты теріде тыртық қалдырмай емдеу жолы табылды
■
Бір оператордың бақылауындағы дрондар немесе дрондар үйірін бір орталықтан басқаратын жүйе (видео)