Ресейде халал опа-далапқа сұраныс артып келеді
Ресейде халал опа-далапқа сұраныс артып келеді
7 ай бұрын 785 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото islam.kz

Ресей Федерациясында тұтынушылар тарапынан халал сертфикатына ие опа-далап өнімдеріне сұраныс жоғары әрі жылдан жылға артып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ресейлік сән өнімдері тек мұсылмандар арасында ғана емес, мұсылман еместер арасында да танымал. Ozon маркетплейс мәліметіне қарағанда, бір жыл ішінде сұраныс 26%-ға өскен, яғни, 362 мыңнан астам адам халал сертификаты бар опа-далап сатып алған. Мұндай өнімдер саудасы жағынан Мәскеу, Мәскеу облысы, Санкт-Петербург, Ростов облысы, Краснодар аумағы, Свердловск және Ленинград облыстары, Татарстан Республикасы көш бастап тұр. Татарстандағы Anubis Barcelona, Skintellectual Solutions және SkinBody брандтерінің ресми дистрибьютері Мила Рахимова шариғат талаптарына сай әзірленген опа-далап өнімдеріне деген сұраныс бірнеше жыл болды, кеміген емес. «Халал» сертификаты өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беретін өлшемге айналған. Сол себепті, тұтынушылар тарапынан жоғары бағаланады. Mordor Intelligence зерттеу нәтижесіне сәйкес, 2024 жылы халал опа-далап өнімдердің жаһандық нарығы 91,5 млрд-ы құрады, алдағы жылдары орташа жылдық өсу қарқыны 7,48%-ға артып, 2029 жылға қарай бұл көрсеткіш 131,2 млрд долларға жетуі мүмкін. 

0 пікір
Мұрағат