Ресейде жұмысшы күшінің тапшылығы 5 млн-ға жуықтап қалды
Ресейде жұмысшы күшінің тапшылығы 5 млн-ға жуықтап қалды
2 жыл бұрын 870 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Биылғы көрсекіш бойынша Ресей Федерациясындағы жұмысшы күшінің тапшылығы 4,8 млн-ға жеткен. Бұл жайында өз кезегінде «Института экономики РАН» (Ресей ғылым академиясының экономика институты) жаршысында жарияланған Росстат (Ресей статистикасы) деректеріне негізделген зерттеу нәтижесіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Қосымша табыс табу» қызметінің операциялық директоры Александр Ветерков РФ-дағы компаниялардың шамамен 91%-ы кадр тапшылығын тартып отырғанын мәлімдеді. Әсіресе, өндірісте, құрылыста және көлікте саласында маман тапшылығы қатты сезілуде. Нәтижесінде компаниялар уақытша жұмысшыларды жалдауға және жалақыны төлеу шығындарын көбейтуге мәжбүр. Сөз орайы келгенде маман тапшылығына байланысты ресей теміржолдары шетелдік тұлғалар мен тұтқындарды тартуға мәжбүр болып отырғанын айта кетпекпіз. Бұдан бөлек, таксилік қызмет көрсету компаниялары да маман тапшылығына байланысты мигранттардың елге келу процедурасын жеңілтетуді ел билігінен талап етуде.

Ұқсас материал:

«Ресей экономикасының «тігісі сөгіліп» күйреу алдында тұр» (https://islam.kz/kk/news/alem/resei-ekonomikasynyn-tigisi-sogilip-kuireu-aldynda-tur-19592/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат