Ресейде символдық мәні бар діни нышандар қорғауға алынады
Ресейде символдық мәні бар діни нышандар қорғауға алынады
2 ай бұрын 467 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Алексей Майшев / РИА Новости

Ресей Федерациясының заң шығарушы органы – мемлекеттік дума діни белгілерді қорғау туралы заң жобасын әзірлейді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Telegram әлеуметтік желісіндегі РФ парламентінің төменгі палатасының жетекшісі Вячеслав Володинге (суретте - ред.) жөн сілтеген Lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Вячеслав Володин мұндай бастаманың көтерілуіне діни символдарды көмескілендіру фактісі себеп болғанын жетикізді. Бұл арада ресейлік саясаткер Кремл сайтындағы «айшықтың» жоғалуын меңзеген болуы мүмкін. Сол себепті, аталмыш заң жобасы діни ғимараттар мен ғибадатханалардағы символарды сақтауды ұйғаратын болады. Тіпті, жарнамалық материалдарда да діни нышандарды бұрмалауға жол берілмейді. Осы орайда таяуда Саратов әуежайында да шіркеулердің айшықсыз бейнеленгені жұртшылықтың наразылығын тудырғанын айта кетпекпіз. Бұдан бөлек, жаңа жылдық инсталляцияда православтар үшін қасиетті саналатын Теотокостың Покровский соборы бейнеленген. Бұл конструкцияда да айшықтар жоқ. Ал бұрын Астрахандағы жоғарғы оқу орнының қабырғасында шіркеу ғибадатханасы да айшықсыз бейнеленген болатын.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3