|
Ресейдегі автократия: әлемдегі ең ірі халықаралық құқық қорғау ұйымын «қара тізімге» енгізді
|
Ресей Федерациясының бас прокуратурасы Amnesty International халықаралық құқық қорғау құрылымын Ресей аумағында заңнан тыс ұйым ретінде танитын шешім қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. РФ бас прокуратурасы штаб-пәтері Лондон мегаполисінде орналасқан аталмыш ұйымды жаһандық русофобиялық жобаларды әзірлеумен айналысты деген желеумен осындай қадамға барғын екен. Бұдан бөлек, Ресей билігі, дәлірегі, Кремл экстрермистік деп таныған шетелдік агенттерді де қаржыландырады деген сылтау келтіріп отыр. Аталған ұйым Ресейлік басқыншылардың адам құқығын өрескел бұзған әрекеттерін айыптағаны үшін жазықты болып қалған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады
■
От пен шоқты қолда ұстауға мүмкіндік беретін мөлдір материал жасалды (видео)
■
Ғалымдар бір донор жасушасынан тыныс алуға қабілетті адам өкпесін жасады (видео)
■
Биылдан бастап созылмалы ауруы бар адамдар қажылыққа жіберілмейді
■
Араб елі балаларына қарап отырған аналарға алыстан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін саясатты жүргізеді