Сан қуалап, сапасын жоғалтқан
Сан қуалап, сапасын жоғалтқан
1 ай бұрын 742 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

2025 жылдың наурыз айына дейін Пәкістанның бөлшек фармацевтикалық нарығы 1,049 трлн рупиден асты. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл көрсеткіш рупиге (пәкістандықтардың ұлттық валютасы – ред.) шаққанда 20,6%-ға, ал доллармен салыстырғанда 23%-дан аса өскенін білдіреді. Дегенмен, бұл өсім негізінен дәрі-дәрмектердің бағасының өсуі есебінен орын алды. IQVIA глобалды ақпараттық компаниясының дерегі бойынша сатылған дәрі-дәрмектердің нақты саны бір жыл ішінде тек 3,6%-ға өскен. Бұл нені білдіреді? Бұл қарапайым пәкістандықтар үшін дәрі-дәрмек бағасының қымбат екенін және денсаулық сақтау саласындағы қызметтерге қол жеткізе алмайтындығын білдіреді. Бұл тараптағы өсімнің көп бөлігі бағаның өсу есебінен орын алған. Нақтысында, өсімнің 69%-ы дәрі-дәрмек бағасының өсу себебінен болған. Тек 18%-ы ғана нақты өсімды құраған, яғни, дәрі-дәрмек саудасының артуынан орын алған. Бұдан бөлек, жаңа дәрі-дәрмектің үлесі бар-жоғы 10%-ы құраған. Бұл мәліметтер қатардағы пәкістандықтардың ем-домға қол жеткізе алмай отырғанын көрсетеді. Жергілікті фармацевтикалық компаниялар нарықтың жетекшілері ретінде қалды. Олар 2,91 миллиард дәрі-дәрмек сатқан бір жылда, яғни, сауда млшері 5% -ға өскен. Екінші жағынан, трансұлттық компаниялар аз өнім сатқанымен, пайдаға кенелген. Дәрі-әдрмек бағасын көтеру есебінен. GSK, Abbott және Novartis сияқты компаниялар сұраныстың төмендеуіне қарамастан мол табыс тапты.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6