|
Сақал өсіргендерді шетелге жібермейтін ел
|
Тәжікстанның жазылмаған заңы бойынша жасы алпысқа жетпей сақал өсірген ер-азаматтарға шетелге шығуға мүмкіндік беретін төлқұжат берілмейді. Бұл жайында «Озоди» ақпарат көзі хабар таратты. Десе де Тәжікстанның ішкі істер министрлігі сақал өсіргендерге шетелдік төлқұжат беруге тыйым салынбағанын айтып, ақталып бағуда. Бұдан бөлек, аталған ел аумағындағы қоғамдық орындар мен көшеге сақал жіберген ақсақалдардан өзгесін мәжбүрлеп қырындырып жатқаны турасында ақпарат тараған болатын. Тәжікстанның ғұламалар кеңесінің 2012 жылы қабылдаған шешімі бойынша ел тұрғындары сақалының ұзындығы бес еліден аспауы тиіс.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды