|
Сарапшылар Иранның бұл әрекетін қалай жорырын білмей бас қатыруда
|
Иран билігі ресейлік С-300 зенитті зымыран кешенін Фордодағы ядролық нысанда орналастырды. Бұл жайында «ИРИ» мемлекеттік телеэфирінен зымыранға қарсы қорғаныс күштерінің қолбасшысы Фарзад Есмаили мәлім етті. Иран билігінің алпауыт державалардан құралған «алтылықтың» күш салуымен жабылған уран байыту зауытын зымыранмен қорғауын қалай түсінуге болады? Сарапшылар осыған бас қатыруда. Біз сөз етіп отырған нысан ел астанасы –Тегеранның оңтүстік-батысында орын тепкен Кум қаласының маңында орналасқан. Тамыз айының 28-і күні Иран жетекшісі аятолла Али Хаменей Ресейдің С-300 зымыранын алуға АҚШ-тың барынша тосқауыл жасағанын, осылайша Иранның өзін-өзі қорғау құқығын жоққа шығарғанын мәлімдеген еді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Күйзелісті емдеудің тың әрі тиімді тәсілі пайда болды
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Paidax Қазақстандағы алғашқы исламдық долларлық жинақ шотын іске қосты