|
Сауд Арабиясы хуситтерді Зәм-зәм суын улағаны үшін айыптады
|
Сауд Арабиясының полициясы нұрлы Мекке шаһарының аумағында орналасқан қасиетті Зәм-зәм суы шығатын құдықтан құйылған шөлмектегі суды дүкен сөрелерінен алып тастауға пәрмен берді. Белгілі болғандай, 2 000 шөлмектегі су уланған болып шықты. Сауд Арабиясының билігі бұл қастықты Йеменде лаң салып жүрген шииттік Хусит тайпасының содырларынан көріп отыр. Сауд Арабиясы билігінің мәлімдемесінде айтылғандай, сертификат берілген дүкендерде саудаға шығарылған зәм-зәм суынан қауіптенудің жөні жоқ. Десе де, полиция уланған судың қанша шөлмегі нарыққа тап болғанын айта алмай отыр. Сондай-ақ, Ұлыбританияда сатылатын «Зәм-зәм» белгісі соғылған шөлмектердегі судың құрамынан тышқан уы шыққан.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)