Сауд Арабиясы мұнайдан кейінгі кезеңге ауысты. Ел билігі салынып жатқан «болашақ мегаполистер» әртараптандыру мен экономиканы жақсартады деп үміттенеді. Бұл туралы Давоста өткен форумда King Abdullah Economic City (KAEC, Король Абдалланың экономикалық қаласы) жобасының атқарушы директоры Фахд әл-Рашид мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
Сауд Арабиясы мұнайдан бас тартты
|
«Біз порттарды, ойын-сауық индустриясын және құрылысты дамытуға назар аударамыз. Дұрыс бағытта бара жатқанымызға сенімдіміз», - деді ол.
CNBC порталының хабарлауынша, әл-Рашид Сауд Арабиясының саудасын дамытатын KAEC мегаполисін басқарады. Қала 2006 жылы Қызыл теңіз жағалауында Джиддадан 100 километр қашықтықта салынған. Жобаның құны - 100 миллиард доллар. Бұл қала әлемдік экономиканың өсу драйвері бола алады.
Бұдан бөлек, 2017 жылы Сауд Арабиясы Қызыл теңіз жағалауында Neom инновациялық қала тұрғызу жоспары туралы жариялаған. Бұл жобаның бастапқы кезеңіндегі инвестиция 500 миллиард доллар болды. Оған қаржыны король үкіметі, оның діни қоры және жеке инвесторлар құяды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
BionicBee робот аралары үйір құруды үйренді (фото+видео)
■
SiMaxx аккумуляторлы кеудешелер болашақ сарбаздарын екі есе энергия қорымен қамтамасыз етеді (видео)
■
Күн энергиясы бойынша көш бастаған елдер анықталды
■
Адамзат таза әрі шексіз энергия алуға бір табан жақындады
■
Ең пайдалы жемістердің біріне жойылу қаупі төніп тұр