|
Сауд Арабиясының барлық мектептерінде енді қытай тілі оқытылады
|
Сауд Арабиясының Білім министрлігі барлық жеке және мемлекеттік мектептерге бағдарламаға қытай тілін енгізуді тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Saudi Gazette сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл шешім тақ мұрагері және Корольдіктің премьер-министрі Мұхаммед бен Сальман Әл Саудтың ҚХР-ға сапары кезінде қабылданған.
Білім Министрлігінің Директивасына сәйкес, мектептерде қытай тілі сабақтары әр аптаның жексенбі мен дүйсенбіде төртінші сабақта өткізіледі.
Тамыз айында Қытай Сыртқы істер министрі Ван И Иран мен Сауд Арабиясының қарым-қатынасын жақсарту Таяу Шығыста татуласу толқынын ашатынын мәлімдеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай Интернет үшін міндетті цифрлық идентификаторды енгізді. Қытай неге азаматтарға «цифрлық бедел» енгізді
■
Химиктер тауардың жасанды көшірмесін жасауға жол бермейтін технология ойлап тапты
■
Мұсылмандар елі христиандардың басты мерекесін демалыс етіп жариялады
■
Қорғаныс саласына арналған акциялар жартылай өткізгіштер акциясын басып озды
■
Азиядағы ең қымбат компанияның табысы рекорд орнатты