|
Саудия ғарышты игеруге қыруар қаржы бөледі
|
Сауд Арабиясының билігі ғарышты игеру бойынша жеке бағдарламасын дамытуға қомақты қаражат салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды aikyn.kz ақпарат көзі Риа Новости жаңалықтар қызметіне сілтеме жасай отырып.
– Экономикалық әртараптандыру жоспары аясында шетелдік инвестициялар тартылып, жас саудиялықтар үшін мыңдаған жұмыс орындары құрылады,– деді Сауд Арабиясының Ұлттық ғарыш агенттігінің(SSC) басшысы және араб елінің алғашқы ғарышкері, 64 жастағы ханзада Сұлтан ибн Салман әл Сауд. Сонымен қатар, ғарыш саласында көптеген мүмкіндіктер бар екенін және Сауд Арабиясы оларды барынша пайдалануға ниетті екенін атап өтті.
Ханзаданың айтуынша, ел АҚШ, Ресей, Қытай, Үндістан және БАӘ ғарыш агенттіктерімен бірқатар келісімдерге қол қоюды жоспарлап отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай әлемде алғашқы болып пластик жол төседі (видео)
■
Израилдің жаңа қаруының артықшылықтары көрсетілді (видео)
■
Бір ауру түрінен күн сайын күллі әлемде 26 мың адам қайтыс болады
■
Алдындағы автокөліктерді «аттап» өте алатын Jeep жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Түркия донер өндірісіне қойылатын талапты күшейтті