Саудия халықаралық төлем жүйесіне қосылады
Саудия халықаралық төлем жүйесіне қосылады
3 ай бұрын 753 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

2025 жылдың қыркүйек айының 16-ы күнгі баспасөз аңдатпасына сәйкес цифрлы төлеммен жабдықтаушы тарап Саудияда келесі жылы (2026) mada и Alipay+ халықаралық төлем жүйесін аталған араб елінің ұлттыұ төлем жүйелерінің арасында іске қосады. Бұл жайында islam.kz порталы Asian Banking & Finance ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы ынтымақтастық аясында Саудия аумағындағы жергілікті шағын және орта бизнес өкілдері Alipay+ халықаралық төлем жүйесінен трансұлттық QR-төлемдерді қабылдай алады. Бүгінгі таңда Alipay+ 70 нарықта 100 млн саудагерден аса пайдаланушының 1,7 млрд есептік жазбасын қамтитын 36-дан аса серігі бар ірі төлем жүйесі ретінде белгілі. Осы айтулы оқиғаға орай Ant International президенті Дуглас Фейгин Саудияның цифрлы болашаққа бір табан жақындататын тағы бір қадам жасағанын атап өтті. Алдағы уақытта Alipay + төлем жүйесінің іске қосу шарасы Ant International компаниясының Сауд Арабиясындағы 2025 жылғы қызметіне негізделген. Оған оның PTSP сертификатын алатын Antom сатушылары үшін бірыңғай төлем шешімі жатады.Сауд Арабиясынан басқа, Alipay + Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея, Камбоджа, Непал және Шри-Ланкадағы ұлттық төлем схемаларына интеграцияланған.

0 пікір
Мұрағат