Саудия шетелдік инвесторларға қатысты шектеуді алып тастауы мүмкін
Саудия шетелдік инвесторларға қатысты шектеуді алып тастауы мүмкін
2 ай бұрын 478 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясының билігі шетелдік инвесторлардың жария компанияларының акцияларын иеленуге қатысты қолданыстағы шектеуді алып тастауы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы Arabian Business ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қазіргі уақытта шектеу бойфынша шекті мән 49%-дан аспайды (яғни, акцияға ие болудың рұқсат етілген деңгейі), дегенмен бұл тараптағы өзгеріс шетелдік инвесторларға бақылау пакетіне ие болуына мүмкіндік береді. Бұл жаңалық нарықта дүрбелең тудырды десе болады: Tadawul All-Share индексі бірден 5%-ға көтерілді. Бұл – соңғы бес жылдағы рекордты көрсеткіш. Ал сауда айналымы 3,86 млрд долларға артқан, бұл шама орташа деңгейден үш есе жоғары. Бұл бағыттағы өсу көптеген компаниялардан байқалып отыр. Соның ішінде Alimna, Dar Alarkan, Tadwal Group және Gasco (құнды қағаздары 10%-ға қымбаттаған). JPMorgan және EFG Hermes сарапшыларының болжамы бойынша инвестицияның ықтимал мөлшері шектеуден соң 10 млрд доллардан асады. Ал экономистердің пікірінше, мұндай қадам саудиялық акцияларды жаһандық индекс қорларында тартымды етпек. Саудия билігі шетелдіктердің ықпалын арттыратын шешімді, яғни, шектеуге қатысты шешімді осы жылдың соңына дейін қабылдайды.

0 пікір
Мұрағат