Саудия Сирияның Бүкіл әлемдік банк алдындағы қарызын өтеп береді
Саудия Сирияның Бүкіл әлемдік банк алдындағы қарызын өтеп береді
8 ай бұрын 930 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Argaam Plus

Азаматтық соғыстың лаңы мен оқ-дәрінің түтіні әлі сейілмеген Сирияның Бүкіл әлемдік банк алдындағы қарызы 15 долларға жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл сома өзге мемлекеттер үшін, соның ішінде табысы жоғары елдер үшін болмашы қаражат болғанымен қарулы қақтығыстан сау-тамтығы қалмаған, инфрақұрылымы толықтай күйреген аталған араб елі үшін ауыр жүк. Аталмыш халықаралық қаржы мекемесі Сирияға басқа көмек көрсету үшін алдымен осы қарызынан құтылуы тиіс. Әуел баста Сирияны қаржыандыруға Катар талпыныс жасаған екен. Алайда, Сирия араб республикасына қатысты Америка құрама штаттары тарапынан бюрократиялық кедергілер мен санкциялар Катардың ізгі ниетіне су құйғандай болды. Көмекке Саудия келді. Сауд Арабиясының билігі бұл ақпаратты растап отыр.

0 пікір
Мұрағат