Саудия зәулім ғимараттар кластерін қамтитын мегажобасын жариялады (фото+видео)
Саудия зәулім ғимараттар кластерін қамтитын мегажобасын жариялады (фото+видео)
13 күн бұрын 761 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Cаудияның тақ мұрагері әрі премьер-министрі Мұхаммед бин Салман Әбдіәзіз әл Сауд қасиетті Мекке қаласында “Корол Салман қақпасы”(King Salman Gate) деп аталатын аса ауқымды мегажобасының іске асырыла бастағанын жаһанға жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы timesofindia.indiatimes.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл құрылыстың аумағы шамамен 12 млн шаршы метрді алады. Бірегей кешен Харам мешітінің маңында орын тебеді. Мақсат - қала инфрақұрылымын дамыту, қасиетті орынға көлікпен қатынауды жақсарту, қажыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру. Айрықша кешен тұрғын үйлерден, қонақ үйлерден, сауда және ойын-сауық орталықтарынан, т.б. тұрады. Кешен аумағында бір мезгілде 900 мың,ға дейін адам бола алады. Негізінде аталмыш жоба қала экономикасына серпін беру үшін қолға алынып отыр. Тақ мұрагерінің тікелей пәрменімен қабылданған Vision 2030 ұлттық стратегиясының бір тармағы ретінде алға шығады. Осылайша киелі қаланы замануи, әлімдік талаптар үддесінен шығатын қалаға айналдырады. Бұдан бөлек, Меккенің рухани мәртебесін көтеруге бағытталған.

Рендер проекта «Ворота короля Салмана» / © RUA AlHaram AlMakki Company

Рендер проекта «Ворота короля Салмана» / © RUA AlHaram AlMakki Company

 

0 пікір
Мұрағат