Саудиядағы антидене нарығы бес жылда 12 млрд доллардан асады
|

Бұған ең алдымен аталған елдегі аурулардың алдын алу процедуралары және персоналды медицина ықпал ететін болады. Бұл жайында islam.kz порталы Healthcare Asia ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Болжам бойынша 2030 жылға таман Сауд Арабиясының антиденені зерттеу нарығы, жылдық осы 3,4% өсу қарқынын сақтаса, 12.71 млрд долларға жетіп қалады. Аталмыш сектордың ұлғаюына биологиялық медицина ғылымының маңыздылығының артуы, зерттеу саласына инвестицияның молынан тартылуы, сондай-ақ, биомедициналық зерттеулерге жете назар аударылуы себеп болмақ. “Молекулалық биологияда, иммунологияда және биохимияда маңызды құралға айналған зерттеу антиденелері ақуыздар мен биологиялық молекулалардың санын анықтау, талдау, табу үшін қажет” деп айтылған баяндамада. Дегенмен, антидененің қымбаттығы қиындық тудырып отыр, әсіресе, арнайы және белгілі бір салада қолдануға арналған түрлері. Антиденелерді әзірлеу, өндіру, бақылау істерімен байланысты қиындық үлкен шығынды қажет етеді, ал бұл академиялық институттар мен биотехнологиялық компаниялардың бюджетіне кері әсерін тигізеді. Бұған қоса, антидене импортына тәуелділік өз кезегінде жеткізу шығынынан, импортқа салынатын салықтан, валюта бағамдарының ауытқуынан, т.б. факторлардан бұл сектордың шығынын арттырады. Ал бұл жайт алдыңғы қатарлы зерттеу құралдарын одан ары қымбаттауына түрткі болып отыр.




