|
Саудиялық арабтардың 40%-дан астамы бір ғана дерттен зардап шегеді
|
Әбдірахман аш-Шейх есімді саудиялық эндокринолог саудиялық азаматтардың жартысына жуығы бір ғана дерттен зардап шегетінін жайып салды. Яғни, аталмыш ел тұрғындарының 40%-дан астамы түрлі деңгейдегі семіздіктен ауру жамап алуда. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, семіздік нәтижесінде саудиялық ересектердің 19%-ы, яғни, 3,8 млн адам сусамырға шалдыққан. Бұл жайында ArabNews ақпарат көзі хабар таратты. Дәрігерлердің пікірінше, бұғансаудиялықтардың өздері кінәлі. Аз қимылдайды, дұрыс тамақтанбайды. Яғни,, саламатты өмір салтына немқұрайды қарағаннан аталған індетке ұшыраған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар бір донор жасушасынан тыныс алуға қабілетті адам өкпесін жасады (видео)
■
Биылдан бастап созылмалы ауруы бар адамдар қажылыққа жіберілмейді
■
Араб елі балаларына қарап отырған аналарға алыстан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін саясатты жүргізеді
■
Пакеттер мен тауар қаптамаларында Алланың 99 есімін жазуға (басуға) тыйым салынады
■
Рамазан айының соңғы он күнін Сауд Арабиясында өткізгісі келетіндер алдын ала тіркелуі тиіс