|
Саудиялық азаматтың достарына қажылыққа виза беріледі
|
Саудия билігі ел азаматының досына қажылық визасын беру мәселесін қарастырып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Arabian Business дерек көзіне жөн сілтеген islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қажылық және ұмра министрлігі хабарлағандай, ел азаматына дос тұлғаның жеке өзінің қажылығын өтеуге арналған виза бір жолға да, көп мәрте келуіне де беріледі. Мұндай виза бір жолғысы үшін 90 күнге берілсе, көп мәрте келуі үшін 365 күнге ұсынылады. Сөз орайы келгенде аталған араб елінде виза мерзімінің ұзақтығы 90 күнге шақталғанын айта кету керек. Осы виза арқылы саудиялық азамат бір мезгілде бірнеше адамды қажылығын өтеуге шақыра алады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Химиктер тауардың жасанды көшірмесін жасауға жол бермейтін технология ойлап тапты
■
Мұсылмандар елі христиандардың басты мерекесін демалыс етіп жариялады
■
Азиядағы ең қымбат компанияның табысы рекорд орнатты
■
Сингапур 2025 жылы байлығы жағынан екінші ел атанды
■
Халал инвестиция 2025 жылы 25,5% табыс әкелді