|
Саудиялықтар тағам өнеркәсібіне инвестиция құюға әзір
|
Саудиялық инвесторлар өз еліндегі ауыл шаруашылығы үшін климат қолайсыздығына байланысты тағам өнеркәсібін шетелде дамытуға мүдделі. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Саудиялық тұтынушылардың талғамынан шығу әрі шариғат талаптарына сай тағам өнімдеріне сұраныс жылдан жылға артып келеді. Саудиялық инвесторлар шетелдегі ауыл шаруашылық жобаларына қаржы құю арқылы өз елінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талпынды. Биыл (2025 жыл) Сауд Арабиясындағы тағам мен сусын саласындағы ақша айналымы 57, 4 млрд долларға жетуі мүмкін. Мұндай көрсеткішке жетуге урбанизация, табыстың өсуі, т.б. факторлар ықпал етуде. Бірер жылда Саудиядағы саяхатшылар мен туристер қарасы 1 млн адамнан асады. Осыған байланысты қапталған дайын өнімдер мен жартылай (шала) әзірленген, сондай-ақ, жылдам дайындалатын тағам өнімдеріне сұраныс арта бермек. Тағам өнеркәсібі – пайдасы мол сектор. Бизнес өкілдері бұл тараптағы серіктестік өз кезегінде сүт өнімдері, сусындар және қайта өңделген ет саласындағы бірлескен кәсіпорындарды құруға жол ашаып, екіжақты сауданы нығайтатынын алға тартып отыр.