|
Саудиялықтардың NEOM жобасының футуристік кешені жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
|
Epicon — таяу жылдары Сауд Арабиясының солтүстік-батысында бой көтеретін футуристік кешені. Оның екі негізгі элементі екі көк тіреген зәулім ғимараттан тұрады. Бұл жайында islam.kz порталы Designboom ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Айрықша жоба – болашақтың қаласы. NEOM компаниясының өкілдері осылай деп отыр. Біреуінің биіктігі 275 метрге жоспарланса, екіншісі – 225 м. Зәулім ғимараттардың ішінде мейманхана мен жалға берілетін пәтерлер болады. Мұнара ғимараттардың жанында Қызыл теңізге құлдайтын Ақаба шығанағы жағалауында демалыс аймағы құрылады. Саудия экономикасын әртараптандыру, яғни, экономикасын мұнайға тәуелділіктен құтқару үшін ттүрлі әлеуметтік реформалар жүргізіп, бірегей жобаларға басымдық беруде.

Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйітті жерлеудің тағы бір түрі пайда болды
■
Еуроодақ атылатын қарулар мен 3D-принтерінде басылған қарулар бойынша қылмыстық жауапкершілік енгізейін деп жатыр
■
Түркі елінде сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастар саны артып келеді
■
Құлдық индексі, бала сату және «алтын үшбұрыш»: Қазақстанның адам саудасымен күресі
■
Қазақстан Орталық Азияда тағы бір саланың тұңғыштар тізімін толықтырды