|
Саясаткер мешіт жанында итпен серуендеуге шақырды
|
Теггі жапондық чех саясаткері, дәлірегі, оңшыл радикалдар партиясының 42 жастағы жетекшісі Томио Окамура Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында былайғы жұртты діни араздық пен анық арандатуға бастайтын үндеу жариялап, елдің наласына қалды. Ол өзінің бұл үндеуінде жұртты итімен және доңызбен мешіттің жанында серуендеуге шақырған болатын. Бұл жайында International Business Times ақпарат көзі хабар таратты. Адам құқығы жөніндегі Чехия министрі Иржи Динстбир мен өзге де көптеген қоғам қайраткерлері және құқық қорғаушылар оның өшпенділікке толы исламофобиялық мәлімдемесін сынға алды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ыстық суда өсіп, биология заңдылығын жоққа шығаратын тіршілік иесі анықталды (видео)
■
Биоинженерлер кәрі жасушаларды жасартудың жолын тапты
■
Банк туралы заң жобасынан ислам ипотекасына жол ашатын норма түсіп қалған — Ләззат Ибрагимова
■
Араб елінің қолөнері мұхит асып жатыр
■
Жарылғыш көпіршіктермен іске қосатын микроботтар жасалды (видео)