Семіздік індеті корпорациялар үшін шайнамай жұтатын "майшелпекке" айналуда
Семіздік індеті корпорациялар үшін шайнамай жұтатын "майшелпекке" айналуда
1 сағат бұрын 39 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. A semaglutide injection pen. The patent on Novo Nordisk's semaglutide expires in March in China. Photo: Getty Images

2020 жылға таман артық салмақтан немесе семіздік дертінен зардап шегетіндер қарасының көбейуіне байланысты бұл бағыттағы нарық та кем дегенде 630 млн долларға ұлғаяды. Ал бұл көрсеткіш 2021 жылы 400 млн доллар болатын. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осыған орай шетелдік және жергілікті компаниялар дәрі-дәрмек бағасын 80 пайызға дейін төмендете отырып, арықтау нарығынан өз үлесін алғысы келеді. Өйткені, Қытай халқы семіздік індетінің дағдарысымен бетпе-кет келіп отыр. Әлемдік фармацевтика алыптары - Novo Nordisk және Eli Lilly компанияларының сектордағы бәсекелестігі 2024 жылы Қытайда семіздікке қарсы дәрі-дәрмектерді мақұлдағаннан кейін тіпті күшейе түсті. Novo Nordisk семаглутидіне патенттің мерзімі наурыз айында аяқталған кейін жағдай одан ары өзгереді, дәлірегі, қытай женериктерінің үстемдігіне қарсы тұра алатын толқынға жол ашады. Қытайдың бұқаралық ақпарат құралдарының дерегінше, Novo Nordisk компаниясы Қытайдың оңтүстік-батыс провинцияларында, соның ішінде Иунан мен Сышуанда Wegovy дәрісінің бағасын екі есеге төмендеткеннен кейін, яғни, желтоқсан айының соңында баға соғысы басталды. «Нарық үлесін қорғау маржадан (тауардың өзіндік құны мен сату бағасы арасындағы айырмашылық – ред.) да маңызды», - деді америкалық Jefferies инвестициялық банкінің Азия бойынша денсаулық сақтау саласындағы зерттеу жетекшісі Цуй Цуй. «Салмақ жоғалтуға арналған дәрі-дәрмек жалпы жоғары маржаға ие, бұл өндірушілерге бағаны төмендетуге мүмкіндік береді», деп мәлімдеді. Wegovy, яғни, семаглутидті апта сайын егу шамамен 1900 юаннан (272 доллары) 1000 юанға дейін ең жоғары дозамен емдеуге арналған ай сайынғы шығындарды төмендетті. Taobao және JD.com сияқты онлайн платформалар да бағаны төмендетті. Taobao платформасы Post бөлімшесі, ал Tmall платформасы Alibaba Group Holding компаниясына тиесілі. Қытай дәрі-дәрмек өндірушілері алдындағы патент мерзімінің аяқталуын және GLP-1 терапиясына сұраныстың өсуін пайдаланып, жаңа дәрілер шығарып жатыр. Бостондағы L.E.K. Consulting компаниясының есебіне сәйкес Қытайда 60-тан астам GLP-1 дәрілік заттар соңғы кезеңдік және клиникалық зерттеулерден өтіп жатыр, олар семаглутид пен Мунжаро дәрілерімен бәсекелесе алады. Jefferies хабаранша, GLP-1 нарығындағы үлесін ұлғайту үшін қытайдың Innovent Biologics фармацевтикалық компаниясы өз дәрісі маздутидтің бағасын қаңтардың басында шамамен 40 пайызға төмендеткен. Маздутид - өткен жылы маусым айында мақұлданған алғашқы отандық семіздікке қарсы дәрі. «Қытай фирмалары өз дәрілерін төмен бағалауға мәжбүр болады, себебі, олардың тиімділігін дәлелдеуге арналған ірі халықаралық зерттеулердің қолдауы жоқ», — деді Macquarie Capital компаниясының Азиядағы денсаулық сақтау зерттеулері бөлімінің басшысы Тони Рен. «Қытайдағы семіздікпен күрес нарығы соңында тұтынушыға бағытталған, рекреациялық және эстетикалық индустрияға айналуы мүмкін». Macquarie Capital болжамына сәйкес 2031 жылы маздутидті сатудан түскен табыс 8,6 миллиард юанға жетуі мүмкін, тарқатып айтсақ, оның 80 пайызы семіздікпен күреске арналған дәрілерден, ал қалғаны қант диабеті дәрілерінен түсетін болады.

0 пікір
Мұрағат