Семіздік індетіне шалдыққандар қарасы 1 млрд адамнан асты
Семіздік індетіне шалдыққандар қарасы 1 млрд адамнан асты
4 ай бұрын 1059 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Күллі әлем бойынша артық салмақтан зардап шегетіндер саны 1 млрд адамнан асты. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы жаһандық талдау нәтижесіне қарағанда, артық салмақтан зардап шегетін ересектер ғана емес, сонымен қатар, балалар да көбейіп барады. 1990-2022 жылдар аралығында семіздік індетіне шалдыққан қыздар арасындағы көрсеткіш төрт еседен асқан – 1,7-ден 6,9 пайызға дейін артқан. Ал ұлдар арасында бұл көрсеткіш 2,1 пайыздан 9,3 пайызға дейін шарықтаған. Семіздік індеті барлық құрлықты шарпыған. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесіне сәйкес 2020 жылы семіздіктен зардап шегетін жасөспірімдер мен балалардың саны 160 миллионға жуықтаған, оның 65 миллионы - қыз бала және 94 миллионы - ұл бала. 1990 жылы бұл көрсеткіш 31 миллион бала болатын. Бұл ретте ересектер арасында артық салмақтан х+зардап шегетін әйелдердің үлесі екі еседен асып, 18,5 пайызға жетті, ал ерлер - 14 пайызды құрап, үш есе дерлік өсті. 

0 пікір
Мұрағат