Семіздікпен күресу үшін айыппұлды пайдаланбақ
|

Денсаулыққа зияны жоқ тағам өнімдерін сатпаған британ супермаркеттеріне бұдан былай айыппұл салынады. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай төтенше шара аталған еуропалық ел үкіметінің семіздікпен кұрес жөніндегі жоспарында қарастырылған екен. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру департаментінің (DHSC) дерегіне сәйкес «саламатты тамақтану стандарты» бөлшек сауда мен тағам өнімдерін өндіретіндерге қатысты қолданылады – тамақтанумен байланысты аурулардың алдын алу әрі азайту көзделген 10 жылдық стратегия аясында. Аталмыш саясат сауда орындарының мақсатты, яғни, арнайы, міндетті көрсеткіштерге қол жеткізуін ұйғарады. Соның ішінде пайдалы тағамдар бағасының төмендететін науқандарды өткізуді ұйғарады. Ал бұл міндеттің үддесінен шыға алмаған сауда орындарына айыппұл салынады. Британияның денсаулық сақтау министрі Уэс Стритинг артық салмақтан зардап шегетіндер күніне шамамен 200 калорияны кем тұтынса, семіздік деңгейі екі есе түсетінін мәлімдеді.




