Шалбар киіп босану турасында ұсыныс жасалды
Шалбар киіп босану турасында ұсыныс жасалды
10 жыл бұрын 4228

Малайзияның гинеколог дәрігерлері саудаға шығарылып, мұсылман әйелдер тарапынан үлкен сұранысқа ие болған «босануға арналған шалбарды» сынға алды. Бұл жайында «IslamNews» порталы «Al Arabiya» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. «Mamapride» бренді бойынша саудаға шығарылған аталмыш шалбардың құны 26 доллар тұрады, жүгіруге арналған трикоға ұқсайды. Бұл дамбалды аяғы ауыр әйелді босандыратын ер дәрігерлердің туу кезінде толғағы келген әйелге жанаспасы үшін 19 медицина қызметкерінен жасақталған топ ойлап тапқан болатын. Десе де, гинеколог дәрігерлер бұл шалбардың босану кезінде кедергі келтіретінін, соның кесірінен аяғы ауыр әйелдің денсаулығына қатер төнетінін алға тартып отыр. Ал құқық қорғаушылар бұл жаңалықты Малайзияда ислам дінін «асыра сілтеуден пайда болған тым саясиландырудың бір көрінісі» ретінде бағалап отыр. Естеріңізге сала кетейік, ислам ғұламалары ер дәрігерге басқа амал қалмаған кезде әйел адамға көмектесу мақсатында жанасуға болатынын айтып отыр. Яғни, әйел дәрігер болмаған жағдайда ер адамның әйел адамды босандыруына рұқсат.

0 пікір
Мұрағат