Шанхайдағы Cosmax Bio зауыты халал сертификатына ие болды
Шанхайдағы Cosmax Bio зауыты халал сертификатына ие болды
1 ай бұрын 469 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Cosmax Group құрамына кіретін, денсаулыққа пайдалы тағам өнімдерін зерттеумен, өндірумен айналысатын Cosmax Bio компаниясының Шанхайдағы (Қытай) халал сертификатына ие болды. Бұл жайында islam.kz порталы THE CHOSUNILBO ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таяу болашақта аталмыш компания гариғат талаптарына сай келетін өнімдерімен Таяу Шығыс және Оңтүстік-шығыс Азия аймағындағы мұсылман елдерінің нарығына шығуды жоспарлап отыр. Cosmax Bio компаниясы жақында өзінің Қытай аумағындағы зауыты үшін халал өнімдеріне кепілдік беру жөніндегі Индонезиялық агенттіктен (BPJPH) HALAL Indonesia сертификатын алғанын жариялады. Компания өкілі: «Біз Оңтүстік-Шығыс Азия мен Таяу Шығыс нарықтарына шығуымыз үшін осы сертификатты алуға ұмтылдық», - деп толықтырды: «Әлемдегі ең ірі халал нарығы деп танылған Индонезияда халал өнімдеріне деген сұраныстың тұрақты өсуі байқалды». Өткен жылдың қазан айынан бастап Индонезия ел ішінде сатылатын барлық азық-түлік пен сусындар үшін міндетті халал сертификаттау процедурасын енгізді. Осы сертификатқа ие болу үшін Шанхайдағы зауыт өндірістік процестің тазалығын бағалаудан және шикізаттың шариғат талаптарына сай келетіні жөнінде халал сертификаттаудан өтті. Компания төрт құрамда 12 тауар позициясын тіркеді: сұйықтық, желе, дәрі-дәрмек және ұнтақ. Компания ,сондай-ақ, Малайзия нарығына экспортқа дайындалу үшін JAKIM Halal сертификатына ие болып үлгерді. Бұдан бөлек, Cosmax Bio қазірдің өзінде Корея мұсылман федерациясының (KMF) Шешхондағы отандық фабрикасы үшін халал сертификатына ие. «Cosmax Bio» компаниясының бас директоры Ким Чхол Хи: «Қытайдың «K건기식» зауытының “Халал” сертификатына ие болу арқылы Қытайдың ішкі нарығында ғана емес, сонымен қатар, Таяу шығыс пен оңтүстік-шығыс аймағында бәсекелестігіміз артады” деп мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат