|
Шақалақ. Шарасыздық. Шалшық су
|
Әлеуметтік желіде шақалақты шалшық сумен жуындырған сәт бейнеленген фото-сурет ғаламтор қолданушыларын бенй-жай қалдырмады. Сириялық босқын әйел шарананы пластик құтыға құйылған шалшық сумен жуындырғаны босқындардың қандай жағдайда күн кешіп жатқанынан хабар береді. Тұрмыс тауқыметін тартқан, яғни, қарапайым қажеттіліктерін өтеуге жағдайы жасалмаған босқындар қонысында тазалық талаптары сақтала бермейді. Бұл жайт Грекия мен Македония шекарасы маңындағы Идомени лагерінде болған. «Al Arabiya» ақпарат көзінің хабарлауынша, шақалақты жуындырып жатқан анасының есімі – Суляф, шарананың аты – Байян. «Әзірге індет бола қойған жоқ»,- деді «Әлем дәрігері» қайырымдылық ұйымының медбикесі Сара Коллинз.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Жастар мен жасөспірімдер арасында өз-өзін майып ету көрсеткіші артып келеді