Канаданың Ванвукер қаласында өткен Americas Masters Games жүгіру жарысына Ман Каур есімді 100 жастағы үндістандық әжей қатысты.
Ол 100 метрлік қашықтықты 1,5 минутта жүгіріп өтті. Әжейді мәреде жарысқа қатысқан 78 жастағы ұлы күтіп тұрды.

Ман Каур жеңіл атлетикамен 93 жасында айналыса бастапты. Қарттығына қарамастан әжей көптеген жарыстарға қатысып 20 медаль алған. Оның 3-уі алтын медаль.

82 жастағы қария немересімен бірге коллеждге түсті (фото)
Техаста 82 жастағы Рене Нейра мен оның 18 жастағы немересі Мелани Салазар бір колледжге оқуға түсіп, көпке үлгі көрсетті.

Мелани 24 тамыз күні өзінің Twitter-аккаунтындағы оқырмандарына атасымен бірге оқитынын хабарлаған. «Мен өзімнің атамды мақтан тұтамын!», – деп жазған ол өзінің постында. Бұл твит аз уақытта мыңдаған лайк пен репостқа ие болды. «80 дегенің – жаңа екі 40!» – деп жазды қолданушылардың бірі.