Шартарап: Аргентинада айналмалы дөңгелек арал табылды (ФОТО, ВИДЕО)
Шартарап: Аргентинада айналмалы дөңгелек арал табылды (ФОТО, ВИДЕО)
9 жыл бұрын 4132 Bnews.kz ФОТО: kp.ru
Google Maps арқылы жұмбақ арал көрінеді. Аргентинада сиқырлы арал Парана өзенінің батпақты сағасында орналасқан. Уфологтардың болжамына қарай, «арал» – «ұшқыш тәрелкені» жауып тұратын дөңгелек қақпақ. 

Аралды Ричард Петрони (Richard Petroni) – Нью-Йорк инженер-гидравлигі тапты. Ол жергілікті кинодокументалист Серджио Неспилерм (Sergio Neuspillerm) және Пабло Мартинеспен (Pablo Martinez) байланыс орнатып, олармен жұмбақ аралды іздеуге шығады. Алғашқы іздеуде оған жете алмай – көп адасып, шаршап-шалдығып, кері қайтуға мәжбүр болады. Бірақ, келесі экспедициясы сәтті аяқталады.

Аралдың Google картадағы координаты: 34°15'07.8'S 58°49'47.4"W – кез келген адам таба алады.

Аралды «Көз» деп атап кеткен энтузиастар оның дөңгелек екеніне сенімді. Диаметрден үлкендеу дөңгелек жусанда орналасқан. Арал жүзіп, айналып тұрады. Төңірегіндегі су тұнық және мұздай, басқа батпақтарға қарағанда мұздай. Ішкі дөңгелектің диаметрі 119 м. Жергілікті тұрғындар жұмбақ арал туралы біледі, бірақ, оған жақындауға тәуекел етпейді. Ол жерде құдай бар деп ойлайды. Петрони мен оның командасы Google Maps мұрағатын қарап шығып, 2003 жылы да аралдың болғанын айтады.

Энтузиастар «Көзді» ғылыми аппаратпен зерттеуді жоспарлап отыр. Бұл не, қалай және қашан пайда болғанын білгісі келеді. Олар қазір кезекті экспедицияға ақша жинап жатыр. Кімде-кім 5 мың доллар сыйласа, экспедиция нәтижесі туралы бірінші болып естиді. Ал 10 мың доллар қосса, онда экспедицияға қатыса алады.

Уфологтар анығырақ зерттемей-ақ бәрін біліп отыр: арал – қақпақ, оның астында «ұшатын тәрелке» немесе басқа планеталықтардың базасына баратын су астына кіру жолы бар дейді.+

0 пікір
Мұрағат