|
Шартарап: Өмір мен өлім арасындағы мұсылмандар не істеді? (ВИДЕО)
|
Біріккен Араб Әмірліктерінің «Etihad Airways» әуе компаниясының жолаушылары ауыр сынақтын өтті – Әбу-Даби қаласынан Индонезияға ұшып шыққан кезінде сілкініс аймағына тап болды. Ұшақ бортындағы жолаушылардың дені ұмраға барып келе жатқан қажылар еді. Сілкініс кезінде жолаушылардың көбі дауыстап дұға етіп жатты. Аталмыш әуе компания ақпаратына қарағанда, бұл жайт Жакартадағы халықаралық әуежайға ұшақтың қонуына 45 минут қалғанда орын алған. Әуе кемесі жергі аман-есен қонды. Жолаушыларды дәрігерлер командасы күтіп алды. 22 жолаушы жеңіл жарақат алғандықтан оларға әуежайда медициналық көмек көрсетілдді. Тағы тоғыз жолаушы жергілікті емханаға жөнелтілді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды