«Шашлықтың» оқуын оқытатын колледж ашылды
«Шашлықтың» оқуын оқытатын колледж ашылды
4 ай бұрын 1016 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайдың Құнан (Хунан) провинциясында кәуап пісірудің қыр-сырын оқытатын әлемдегі алғашқы колледж ашылды. Бұл оқу орны күллә ел бойынша барбекю әзірлеудің аспаздық өнерімен танымал Иуен қаласында орналасқан. Бұл жайында islam.kz порталы China Daily ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Иуен қаласында 2 мыңнан аса кәуапхана жұмыс істейді. Колледж Иуен университеті құрамында. Айрықша жоба жергілікті билік пен Иуен барбекю қауымдастығының қолдауымен ашылды. Негізгі мақсаты кәсіпті стандарттап, мамандар даярлаудың бірыңғай жүйесін құруға әрі аймақ экономикасын нығайтуға саяды. Жергілікті билік кәуап бизнесінің толыққанды өндірістік тізбекке айналатынына сенім артып отыр. Осы орайда Иуеннің қоғамдық тамақтандыру саласы жылына 2 млрд юаннан аса пайда әкеледі әрі 50 мыңға тарта адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәуапқа қатысты мына жоба жергілікті жастар арасындағы жұмыссыздықты еңсеруге көмектесуі мүмкін. Колледжде тәжірибесі жоқ жастар да, кәсіпқой кәуапшылар да білім ала алады. Биылдан бастап 100 нәкіртке дейін іштей оқытуға қабылдау жоспарланып отыр. Оқу мерзімі үш жылға созылады. Студенттер мемлекет есебінен кәуап пісірудің шеберлік курсынан өте алады. Оқу бағдарламасы кәуапқа етті бұқтырудан (маринадтау) бастап, қалай пісіру керектігіне дейін үйретеді. Екінші бағыты – кәуап бизнесін жүргізу курсын қамтиды. Студенттер жергілікті елу дәмханада тәжірибеден өте алады.

0 пікір
Мұрағат