|
Шашын сәндегені үшін бірнеше ондаған адам тұтқындалды
|
Сауд Арабиясында шаштарын сәндеп, жылтырақ тағып, исламға қайшы келетін әрекетке барғаны үшін 50 бойжеткен мен жас жігіт тұтқындалған. Бұл жайында «The Siasat Daily» ақпарат көзі хабар таратты. Олардың барлығы қасиетті Рамазан айында, Мекке қаласында тұтқындалған. Саудиялық полиция есебінде айтылғандай, олар ерсі көрінетін шаштың сән үлгісін пайдаланып, білектері мен мойындарына білезік таққандары үшін айыпталып отыр. Сауд Арабиясы әлемдегі ең консервативті ел болғанымен 25 жасқа дейінгі жастардың елу пайызынан көбісі ғаламторда көп уақытын өткізеді. Бұл өз кезегінде олардың өздерінің ұлттық дүниетанымына кереғар келетін құндылықтарға баулып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Күйзелісті емдеудің тың әрі тиімді тәсілі пайда болды