Шейхты ұрлап алып кетті
Шейхты ұрлап алып кетті
10 жыл бұрын 3229 Адам Идоко

Нигерияның мұсылман жамағаты осы елдегі көрнекті ислам ғалымын белгісіз біреулердің ұрлап алып кеткеніне назалы. Ел билігінен Нигерияның ислам істері жөніндегі жоғарғы кеңес төрағасының орынбасары, Энугу штатындағы мемлекеттік университеттің бас имамы әрі шейх Адам Идоконы тез арада табуды талап етіп отыр. Шейхты елдің оңтүстік-шығысындағы туып-өскен өз ауылында белгісіз біреулер ұрлап алып кеткен. Полицияның мәліметіне қарағанда, оны ұрлап алып кеткендердің мақсаты белгісіз, өйткені, олар оның отбасымен байланысып, ешқандай да талап қоймаған. Іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Нигериялық мұсылман жетекшілері мен құқық қорғаушылар, соның ішінде профессор Ысқақ Акинтолы тірі жанға қылдай қиянаты жоқ, аса момын, сонымен бірге, өте мейірімді адамды ұрлап алып кеткеніне таңданыстарын жасырмаған. 

0 пікір
Мұрағат