|
Шетелдегі марокколықтардың еліне аударған ақшасы рекордтық деңгейге жетті
|
Office des Change (“Айырбастау кеңсесі”) ұйымы келтірген дерек бойынша өткен жылы (2024) шетелде нәпақасын айырып жүрген марокколық еңбек мигрнаттары еліне 119 млрд дирхам аударған. Бұл көрсеткіш оның алдындағы (2023) жылмен салыстырғанда 3,3%-ға артқан. Бұл жайында islam.kz порталы Yabiladi ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2021 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде осы трансферттердің орташа жылдық өсу қарқыны 5,7% -ды құрағаны айтылыпты Марокконың төлем балансы және 2024 жылғы жаһандық сыртқы позициясы туралы жақында жарияланған есепте. Аталмыш есептегі дерекке сенсек, жекелеген ағымдағы трансферттердің теңгерімі немесе балансы 2023 жылғы 128,4 млн доллардан 2024 жылы 133,5 млн долларға дейін өскені атап өтілген. Бұл өсім түсімнің 4,5% ұлғаюына байланысты орын алған. Мемлекеттік ағымдағы трансферттер де жақсарған: профицит 2024 жылы 3,6 млн dh (дирхам) дейін өсіп, жылдық есеппен 1,2 млн dh-ға ұлғайды. Мұндай көрсеткіштердің артуына негізінен түсімнің 35,4% -ға күрт өскені де себеп болған.