|
Шиғалар қыздардың некеге тұру жасы он бестен 9 жасқа дейін төмендетпек
|
Иракта қыздардың некеге тұру жасын он бестен 9 жасқа төмендету ұсынылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бастама шиит партиялары арасында қолдау тауып жатыр. Өзгерісті жақтаушылардың айтуынша бұл барлық мұсылмандар үшін міндетті деп саналатын шариғат нормаларына сай.
Алайда, сыншылар мұндай өзгерістер адам құқықтарының, әсіресе әйелдер мен балалар құқығының бұзылуына әкелуі мүмкін екенін ескертті. Олар неке жасының төмендеуі қыздарды білім алу және толыққанды даму мүмкіндігінен айыратынын айтты.
Халықаралық ұйымдар, БҰҰ мен Ирактың құқық қорғаушылары бұл түзетулерге алаңдаушылық білдіріп отыр. Олар Ирак үкіметін заң жобасын қайта қарауға және балалардың құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарын сақтауға шақырады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр