Швецияда шетелден бала асырап алу процедурасы қылмысқа ұласқан
Швецияда шетелден бала асырап алу процедурасы қылмысқа ұласқан
1 ай бұрын 450 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Швед тергеушілері халықаралық бала асырап алу процедурасында жүйелі түрде қылмысқа жол берілгенін анықтап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы шведтердің Dagens Nyheterмерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, бала саудасы мен баланың келісімінсіз асырап алуға жол берілген. Швед комиссиясы билікті шетелден бала асырап алу процедурасына тыйым салуға шақырды. Бала асырап алу процедурасында алаяқтық фактілері жиілеген. Соның ішінде Швецияға әкелінген балалардың кейбіреуін олардың туға ата-анасының рұқсатынсыз немесе келісімінсіз асырап алған немесе асырап алынған, бұдан бөлек, тегреу барысында балалардың ата-анасы қайтыс болған деп жалған ақпарат берілгені, я болмаса баланың заңды қамқоршысына емес, бөгде біреулерге берілгені анықталды. Кейде баланың туған ата-анасы шетелдіктің өз баласын асырап алудың салдары қандай болатынын түсінбегене. Ол ол ма, кей баланың туған күні мен жылы, асырап алудың негізі (немесе асырап алудың себебі) бұрмаланған. Шетелден бала асырап алудағы мұндай сорақылықтарға ең алдымен жекеменшік ұйымлдардың айналысатыны себеп болған. Пайда көздеген мұндай ұйымдар заңсыздыққа жол беріп, қасақана қылмысқа барып отырған. Adoptionscentrum  бала асырап алудың ұлттық агенттігі келтірген мәлімет бойынша Швецияда  шетелден бала асырап алу көрсеткіші соңғы жылдары күрт кеміп кеткен: мәселен, 1985 жылы 900 бала шетелден асырап алынса, биыл бұл көрсеткіш 14-тен аспаған.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3