|
Шыңжыңда әрбір 25-ші ұйғыр террорист айыбы бойынша қуғындалған
|
Қытайдағы азшылықты құрайтын ұйғырлардың Шыңжың автономды аймағында әрбір 25-ші тұрғын террористік бап бойынша заңмен қуғындалған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде арабтардың Al Jazeera ақпарат көзіне және The Associated Press дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бір ғана Қонашаһар округынде террористік бап бойынша 10 мыңнан аса ұйғыр азаматы айыпталған. Діни экстремизм бойынша сотталғандар орташа есеппен 9 жылға бас бостандығынан айырылған.