|
Сионистер арбаға таңылған палестиналықты атып тастады (видео)
|
Ақ үй қожайыны Донаольд Трамп Құдысты Израил астанасы деп тануына байланысты бірнеше күнге созылған палестиналықтардың шеруі кезінде екі палестиналық азамат израилдік күштік құрылымдардың қолынан опат болды. Қаза тапқандардың біреуі арбаға таңылған мүмкіндігі шектеулі жан. Ибрагим Әбу Сурайа есімді азамат екі аяғынан 2014 жылы болған Газа секторындағы соғыс кезінде израилдік басқыншылардың кесірінен айырылған болатын. Өзінің кемтарлығына қарамастан көліктерді жуып, отбасындағы 11 адамды асырап келген еді. Оның израилдік арнайы жасақтың қолынан ажал құшқаны тек палестиналықтарды немесе араб әлемін ғана емес, барша дін өкілдері мен нәсілі бөлек өзге елдердің де наразылығын тудырды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады