|
Сирияда жұма уағызының уақыты мен мазмұны өзгерді
|
Риф Димашк провинциясының уақыптар басқармасы аймақтың имамдары мен уағызшыларына арналған жұма уағыздары мен діни дәрістерді өткізу тәртібіне қатысты нұсқаулық қамтылған № 244/1 циркуляр таратты. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
Сирияның уақыптар министрлігінің 2025 жылдың қазан айының 13-і күнгі № 2240 өкімі негізінде шығарылған құжатта былай делінген:
- Жұма уағызының ұзақтығы 20 минуттан аспауы тиіс;
- Мінберде жамағат арасына от салатын, дәлірегі, талас-тартыс тудыратын тақырыптар көтерілмеуі тиіс;
- Уағыздар мен дәрістерде саяси мәселелерді талқылауға жол берілмейді;
- Адамдар арасын алшақтатын, жік салатын, бүлікке бастайтын кез келген әрекетке тыйым салынады;
- Өзге мемлекеттердің ісіне тікелей немесе жанама түрде араласуға жол берілмейді;
- сүнниттер - ашариттердің, матуридилердің және ахл әл-хадистің арасында бірауыздан келісілген ережелерді, сондай-ақ, Жәбірейіл туралы хадисте жазылған негіздерді қоспағанда, мешіттерде акидалар (діни ілімдер) мәселелерін оқытуға тыйым салынады; -
- оқыту төрт мәзһаб пен олардың фикхтарының шеңберімен шектелуі тиіс.
Циркулярға Дамашық мұхабазының уақыптар басқармасының директоры, сот жетекшісі Ахмет Әбді әл-Фаттах қол қойды және Сирия араб республикасының уақыптар министрлігінің мөрімен расталды. Аталмыш құжат барлық баяндалған нұсқауларды «танысу және қатаң орындау» талаптары қамтылған өкіммен аяқталған.